Қазақстан мен Ресейдің тығыз қарым-қатынасына - 26 жыл - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан мен Ресейдің тығыз қарым-қатынасына - 26 жыл

28.02.2018

Қос қоңсының арасында орнаған тығыз қарым-қатынасқа - 26 жыл. Оны баянды ету біздің ортақ міндетіміз болуы керек. Бұл туралы «Қазақстан-Ресей: болашаққа бағытталған одақтастық» тақырыбында өткен халықаралық конференцияда айтылды. Іс-шара Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың құттықтау сөзімен ашылды. Оны Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесі хатшысының орынбасары Азамат Әбдімомынов оқып берді. Осыдан соң, дос елдердің ғалым-сарапшылары мен саяси және іскер топ өкілдері үш сессияға бөлініп, еуразиялық интеграция мен адами капиталдың даму мәселелерін талқылады. Сондай-ақ, бизнес орта мен қаржы секторын сандық экономикаға көшіру жайы сөз болды. Еуразиялық экономикалық қауымдастыққа қатысты тақырыптар да назардан тыс қаламады.

Қазыбек Майгелдинов, ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының жетекші ғылыми қызметкері:

- Пленарлық сессияда Еуразиялық экономикалық қауымдастықтың алдағы дамуындағы негізгі басымдақтары анықталатын болады. Неге десеңіздер, қазіргі уақытта Еуразиялық экономикалық қауымдастыққа Тәжікстан мен ашық сыртқы саясатқа көшкен Өзбекстанды қабылдау немесе қабылдамау мәселесі және еркін сауда аймақтарын құру қазіргі таңда көкейкесті мәселелердің бірі болып тұр. Сондықтан, бүгінгі конференция осы сұрақтар тұрғысында болады.

 

Досымжан ЕРМҰРАТ

Хабарламаларға жазылу