Нұрсұлтан Назарбаев: Парламент пен Үкіметтің жұмысы мемлекеттік тілде жүргізілуі тиіс - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нұрсұлтан Назарбаев: Парламент пен Үкіметтің жұмысы мемлекеттік тілде жүргізілуі тиіс

26.02.2018

Бұл туралы Мемлекет басшысы еліміздің Ақпарат және коммуникациялар министрін қабылдау барысында айтты. Нұрсұлтан Назарбаев қазақ тілінің мәртебесін арттыру керектігіне тоқталды. Сондай-ақ, кездесуде латын әріптеріне негізделген жаңа әліпбиге көшу мәселесі сөз болды. Президент бұл қадам Қазақстан халқы үшін тарихи шешім екенін айтты. Сондықтан, жаңа әліпбиге кезең-кезеңмен көшудің маңыздылығын ескеріп, қазақ тілін оқыту әдістерін жетілдіру мәселесін жан-жақты зерттеуді тапсырды. Кездесуде сондай-ақ, отандық телеарналардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру жайы талқыланды. Президент отандық телехикаялардың сапасын арттырып, масс-медиа арқылы жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу мәселесіне тоқталды. Ал, министр Дәурен Абаев Елбасына «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асыруға бағытталған жұмыстар жайында есеп берді. Бұл бағытта министрлік тарапынан 100-ден аса шара жоспарланған.

Хабарламаларға жазылу