Қазақстаннан Ресейде өтетін президент сайлауын бақылауға 170 адам қатысады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстаннан Ресейде өтетін президент сайлауын бақылауға 170 адам қатысады

26.02.2018

ТМД миссиясының құрамында - 129 азамат, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы атынан - 38 және Шанхай Ынтымақтастық Ұйымынан 3 азамат бекітілді. Бүгін осы қысқа мерзімді бақылаушыларға арнап алдағы саяси науқанның құқықтық реттелуі және сайлау жүйесінің ерекшеліктері жөнінде семинар өткізілді. Халықаралық бақылау туралы көрші мемлекеттен арнайы шақыртылған мамандар жан-жақты мағлұмат берді. Айта кету керек, қазір Ресейде бір бақылаушымыз ұзақ мерзімді міндетін атқарып жүр.

Зәуреш Баймолдина, ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі:

- Өзіміздің заңымыз бен Ресей Федерациясының заңдарында айырмашылық бар. Байқаушылар сол заңдардың бұзылуын немесе сақталуын қарап отырады. Оны білу үшін заңды білу керек. Сондықтан, біз Ресей Федерациясынан үш адамды шақырып отырмыз.

 

Нысаналы ЫҒЫЛ

Хабарламаларға жазылу