«Шыңғыстау жәрмеңкесі» өтті
Шығыс Қазақстандағы Қарауыл ауылында республикалық ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтті. Биыл екінші жыл қатарынан қолға алынып отырған «Шыңғыстау жәрмеңкесіне» қызығушылық танытып еліміздің әр облысынан бөлек, Қытай, Моңғолия, Біріккен Араб Әмірлігінен келгендер бар.
Жәрмеңкеде шығыс өңірдің асыл тұқымды мал өсіретін шаруашылықтары төрт түлік түрлерін таныстырып, келушілермен келісімшарт жасасты.
Биыл Шығыс Қазақстанда мал шаруашылығын дамытуға республикалық және облыстық бюджеттен 6 миллиард теңгеден астам қаржы бөлініп, игерілген. Өңір еліміз бойынша сүт дайындаудан бірінші, ет өндірісінде екінші орында тұр.
Ержан ЖАҚЫП
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыӘлемдік теннис қауымдастығының бас ассамблеясы
14.10.2026, 10:54
Қазақстан жылқы саны бойынша әлемдегі үздік бес елдің қатарына енді
14.10.2026, 10:53
Робот-иттер қоғамдық тәртіпті бақылайды
14.10.2026, 10:51
Qazaqstan Internet Governance Forum: Цифрлық қауіпсіздік мәселелері талқылануда
14.10.2026, 10:47
3 мыңға жуық жалған сайт бұғатталды
14.10.2026, 10:44
Қазақстан экономикасы 5 пайыздан жоғары өседі деген болжам бар
14.10.2026, 10:41