Басты Жаңалықтар 3 мыңға жуық жалған сайт бұғатталды

3 мыңға жуық жалған сайт бұғатталды

Атырау облысында жыл басынан бері 484 алаяқтық дерегі тіркелген. Оның ішінде фишингтік сайттар мен жалған хабарландыруларға қарсы «Кибербақылау» жүйесі арқылы 3 мыңға жуық интернет-ресурс бұғатталды. Полиция мәліметінше, алаяқтыққа қатысы бар 126 дерек ашылып, 38 адам ұсталған. Ал «Антифрод-орталық» жүйесі арқылы тұрғындардың 21 миллион 200 мың теңгеден аса қаражатының заңсыз аударылуына тосқауыл қойылды. Алаяқтар көбіне тұрмыстық техника сату, пәтерді жалға беру, несие рәсімдеу және инвестиция арқылы табыс табу туралы жалған хабарландыруды пайдаланады. Сондықтан полиция тұрғындарды күмәнді сілтемелерге өтпеуге, банк картасының деректері мен SMS-кодтарды бөгде адамдарға бермеуге шақырады.

Бөлісу