Театр фестивалі басталды
Қарағандыда Әшірбек Сығай атындағы «Сын-шын болсын...» атты ІІІ республикалық театр фестивалі басталды. Өнер мерекесі аясында белгілі театр сыншысының шығармашылық мұрасы елге ұсынылмақ. Фестиваль аясында Алматы, Астана, Тараз, Көкшетау және Семей қалаларынан келген театр ұжымдары үздік қойылымдарын көрсетеді. Фестиваль бағдарламасына жанры әртүрлі алты спектакль енген. Көрермендер «Макбет» және «Қарагөз» трагедияларын, «Парасат майданы», «Қараш асуындағы баллада», «Соқырлар» және «Ұлпан» драмасын тамашалай алады. Ұйымдастырушылар фестивальдің басты міндеті жеңімпазды анықтау емес, тәжірибе алмасу екенін атап өтті.
Кеңес Жұмабеков, Қазақстанның халық әртісі:
Әрбір театрдың өзінің ішінде ғана емес, республикада да бөлініп шығып, үлкен, үлкен фестивальдарға баруға болатын спектакльдердің фестивалі деп қарау керек. Мысалы біз таңдағанымызда да сондай спектакльдерді таңдадық. Бүгінгі күнге сай, бүгінгі көрермендер көре білетін, түсіне білетін, қабылдай алатын спектакльдер әкеліп жатыр. Бұл ғажап қой!
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы