Басты Жаңалықтар Әлемдік теннис қауымдастығының бас ассамблеясы

Әлемдік теннис қауымдастығының бас ассамблеясы

 Алматыда әлемдік теннис қауымдастығының ірі жиындарының бірі – World Tennis Бас ассамблеясы өтті. Екі күн бұрын басталған халықаралық форумға 137 елден 260-тан аса делегат жиналды. Салтанатты рәсімде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысушыларға жолдаған құттықтауы оқылды. Мемлекет басшысы Қазақстанда теннисті дамытуға, спорт инфрақұрылымын жетілдіруге және жас спортшыларды қолдауға айрықша мән берілетінін атап өткен. Жиын аясында Халықаралық теннис федерациясының президенті Дэвид Хаггерти II дәрежелі «Достық» орденімен марапатталды. Мемлекеттік награда оған халықтар арасындағы бейбітшілік пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан үлесі үшін берілді.

Ардақ Әбіжанов, Қазақстан теннис федерациясының вице-президенті:

Бұл - Қазақстан үшін тарихи оқиға. Өйткені халықаралық теннис қауымдастығының жыл сайынғы Бас ассамблеясы елімізде алғаш рет өтіп отыр. Мұндай ауқымды жиын Қазақстанның әлемдік теннис кеңістігіндегі орнын нығайтып, халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуге мүмкіндік береді.

Бөлісу