Басты Жаңалықтар Астаналық балуан әлем чемпионы атанды

Астаналық балуан әлем чемпионы атанды

Астаналық балуан Айбек Айтбеков 23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды. АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өтіп жатқан дүбірлі додада ол грек-рим күресінен 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түсті. Финалда әзербайжандық Эльмир Әлиевпен белдескен отандасымыз 13:4 есебімен айқын басым түсіп, әлем чемпионы атанды.

Бөлісу