Мемлекет басшысының АҚШ-қа ресми сапар табысты өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысының АҚШ-қа ресми сапар табысты өтті

22.01.2018

Мемлекет басшысының АҚШ-қа ресми сапары - қос елдің әріптестік байланысы тарихындағы елеулі оқиға. Оның нәтижесі бойынша Қазақстан мен АҚШ 21-ші ғасырдағы кеңейтілген стратегиялық әріптестік жөнінде бірлескен мәлімдеме жасады. Бұл маңызды құжатта екіжақты қарым-қатынастың өзекті мәселелерімен қатар, көптеген халықаралық жағдайлар бойынша мемлекеттердің көзқарасы нақтыланды. Ал, америкалық ірі компаниялардың Қазақстанмен ынтымақтастығын Ақ үй басшылығы қолдап отыр. Оған дәлел - Елбасы сапары кезінде құны 7 млрд. доллар болатын келісімге қол қойылды. 

Ержан Ашықбаев, ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары:

- Сапар нәтижелері бойынша мәлімдемеде де байқалып отырғандай халықаралық экономикалық ұйымдар аясында да ынтымақтастықты жандандыруға уағдаластыққа қол жеткізілген болатын. 

 

Шерхан ЖАМБЫЛҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу