Қырғыз президенті Сооронбай Жээнбеков Нұрсұлтан Назарбаевқа алғыс айтты

06.12.2017

Бүгін қос елдің басшысы телефон арқылы сөйлесіп, екіжақты ынтымақтастық және өңірлік күн тәртібінің өзекті мәселелерін талқылады. Екі ел Президенті биылғы жылдың 2 желтоқсанында Астанада қазақ пен қырғыз Үкіметтері бекіткен Жол картасының жүйелі жүзеге асырылуының маңыздылығын атап өтті. Осы мәселеге қатысты Сооронбай Жээнбеков шекарадағы күшейтілген бақылаудың алынуы мен қазақ-қырғыз шекарасының қалыпты режимге көшкені үшін Қазақ басшысына алғыс айтты. Нұрсұлтан Назарбаев пен Сооронбай Жээнбеков сондай-ақ, алдағы кездесу кестесін, соның ішінде Қырғыз президентінің Қазақстанға сапарын қарастырды. Телефон арқылы болған әңгіме қырғыз тарапының бастамасымен өтті.

Хабарламаларға жазылу