Қордай шекарасы уақытша ашық режимде жұмысын бастайды

03.12.2017

Қазақ пен Қырғыз елі арасында саяси экономикалық қатынастың жаңа дәуірі басталды деуге болады. Бұл туралы Беларусь астанасы Минскіде кездескен екі ел басшылары бірлескен мәлімдемелерінде жариялады. Кездесу қырғыз тарапының өтініші бойынша ұйымдастырылды. Сонымен, Қордай шекарасы екі жақтан қатаң тексерісті сақтай отырып, уақытша ашық режимде жұмысын бастайды. Бұл жерде қырғыз басшысы «Жауапкершілікті өзім аламын» деп атап өтті. Қырғыз елінің жаңа Президенті Сооронбай Жээнбеков кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаевқа жан-жақты түсіністік танытқаны үшін алғысын білдірді.

Хабарламаларға жазылу