Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстан Президенті Сооронбай Жээнбековпен телефон арқылы сөйлесті

19.03.2020

Мемлекеттер басшылары коронавирустың таралуына қарсы күресте өзара іс-қимыл мәселесін талқылады. Тараптар эпидемиямен күрес кезінде екі елдің атқарушы органдарының келісе отырып әрекет ету маңыздылығын атап өтті.

Сонымен қатар, екі ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық та сөз болды. Соңында Сооронбай Жээнбеков Қасым-Жомарт Тоқаевты Президент қызметіне кіріскеніне бір жыл толуымен құттықтап, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа игі тілегін жолдады.


Хабарламаларға жазылу