Мемлекет басшысы Қырғызстан президентімен телефон арқылы сөйлесті

19.03.2020

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбековпен телефон арқылы сөйлесті. Екі ел басшылары вирустың таралуына қарсы күресте өзара іс-қимыл мәселесін талқылады. Тараптар эпидемиямен күрес кезінде екі елдің атқарушы органдарының келісе отырып әрекет ету маңыздылығын атап өтті.

Сонымен қатар екі ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық та сөз болды. Соңында Сооронбай Жээнбеков Қасым-Жомарт Тоқаевты Президент қызметіне кіріскеніне бір жыл толуымен құттықтап, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа игі тілегін жолдады.

Ләйлә ДУЛАТҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу