«Астана» ХҚО сот төрағасы ант қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Астана» ХҚО сот төрағасы ант қабылдады

06.12.2017

Елбасы «Астана» халықаралық қаржы орталығы соты төрағасының ант қабылдау рәсіміне қатысты. Мемлекет басшысы Қазақстан Президентінің тиісті өкімімен «Астана» халықаралық қаржы орталығы сотының төрағасы болып тағайындалған Лорд Гарри Кеннет Вульфтің ант қабылдау рәсіміне қатысты.

Лорд Гарри Кеннет Вульф, «Астана» халықаралық қаржы орталығы сотының төрағасы:

- Мен, «Астана» халықаралық қаржы орталығы сотының төрағасы ретінде Қазақстан Республикасына шын пейіліммен адал қызмет етуге және ҚР Конститутциясымен қаржы орталығы құқығына сәйкес, барлық адамдарға қатысты сот төрелігін адал жүзеге асыратынымды салтанатты түрде растаймын.

Рәсім соңында Нұрсұлтан Назарбаев «Астана» халықаралық қаржы орталығы сотының төрағасы мен судьяларына, халықаралық қаржы орталығының қызметіне әлемдік қоғамдастықтың сенімін арттырудың маңызды екенін айтты. «Астана» халықаралық қаржы орталығының тәуелсіз соты 2018 жылғы қаңтардан бастап жұмысына кіріседі.

 

Ғабит ҰЗАҚБАЙ

Хабарламаларға жазылу