СІМ Қайрат Әбдірахманов Қырғызстан президентінің мәлімдемесіне түсініктеме берді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

СІМ Қайрат Әбдірахманов Қырғызстан президентінің мәлімдемесіне түсініктеме берді

16.11.2017

Еліміздің Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаевтың Қазақстанмен шекарадағы жағдайға қатысты айтқан мәлімдемесіне түсініктеме берді. «Дипломат әрі сыртқы саяси ведомствоның басшысы ретінде өзге елдің мемлекет басшысының сөзіне баға беруге құқым жоқ, дегенмен, Алмазбек Атамбаевтың сөзі Мемлекет басшысының мәртебесіне сәйкес келмейді», - деді ол.

Қайрат Әбдірахманов, ҚР Сыртқы істер министрі:

- Белгілі саясаттанушының пікірінше, Қырғызстан президентінің сөзі халықтарды араздастырады және зайырлы мемлекет басшысының мәртебесіне сәйкес келмейді. Жалпы, Қазақстан үкіметі Қырғыз Республикасының үкіметімен алдыңғы келісімшарттар негізінде жүйелі жұмыс істей алар еді. Басты назарды Қырғыз Республикасының Премьер-министрінің Астанаға сапары кезінде жүзеге асырылған «Жол картасына» бөлу керек еді. Бұл құжаттың маңыздылығы зор, 41 пунктіден тұрады.

 

Индира БЕГАЙДАР

Хабарламаларға жазылу