​​​​​​​Өмірзақ Шөкеев Президентке есеп берді (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

​​​​​​​Өмірзақ Шөкеев Президентке есеп берді (ВИДЕО)

14.11.2017

Биылғы жылдың 10 айында «Самұрық-Қазынаға» түскен пайда 3 триллион 700 миллиард теңгені құрады. Бұл көрсеткіш былтырғы жылмен салыстырғанда 33 пайызға көп. Бұл туралы бүгін Мемлекет басшысына есеп берген акционерлік қоғам басқармасының басшысы Өмірзақ Шөкеев мәлімдеді. Кездесуде Нұрсұлтан Назабаевқа компанияның трансформациялану барысы жайы баяндалды. Басқарма төрағасы холдинг құрамындағы компаниялар санының қысқарып, кәсіпорынды басқару деңгейі оңтайланғаны жөнінде айтты. Ағымдағы жылдың соңына дейін холдинг құрамындағы компаниялар саны 315-ке дейін азайып, басқару деңгейі 4 сатыға дейін төмендейтін болады.  

Өмірзақ Шөкеев, «Самұрық-Қазына» АҚ басқармасының төрағасы:

- Барлық өндірістік компаниялардың былтырмен салыстырғанда өндіріс деңгейі жоғары. Мұнай бағасы былтырғымен салыстырғанда жоғары. Ілгері өсім бар. Айталық электр қуаты саласы былтырғымен салыстырғанда жоғары. «Тау-Кен Самұрық» өте жақсы көрсеткішке жетіп отыр.  

Хабарламаларға жазылу