«Астана клубы» форумының жұмысы қорытындыланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Астана клубы» форумының жұмысы қорытындыланды

14.11.2017

Қазақстанның ұстанымымен үндес келетін елдер көп болса, әлемдік жүйені реттеу әлдеқайда оңайға соғар еді. Бұл туралы бүгін «Астана клубы» форумының жұмысын қорытындылаған шетелдік сарапшылар мәлімдеді. Елбасының қатысуымен өткен кешегі форум басында 1,5 сағатқа жоспарланғанымен, сұрақ-жауап пен салмақты талқылау соңы 3 сағатқа созылған. Қазақстан өз тәуелсіздігін алған күннен бастап ұстанымын ашық жариялады және оны еш өзгерткен жоқ. Осыдан 25 жыл бұрын қос полярлы әлем жүйесі жойылды. Дегенмен, БҰҰ өкілі Давид Чикваидзе «Қайдан шыққанымыз белгілі болса да, қайда барарымыз беймәлім», - дейді.

Давид Чикваидзе, БҰҰ Женева бөлімінің бас директоры аппаратының жетекшісі:

- Қазақстан сынды елдер көп болса, аймақтық ойыншылардың тұрақты жағдай қалыптастыруына ықпал етер еді. Өйткені, Қазақстанның атқарып отырған міндеті зор. Жағдайды ушықтырмау, бітімгершілік саясатты ұстану - үнемі басты назарда. Сол себепті де, Сирия бойынша келіссөздердің Женевамен қатар, Қазақстанда өтуі де бекер емес.

 

Ғабит ҰЗАҚБАЙ

Хабарламаларға жазылу