БАҚ туралы заң жобасы мақұлданды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

БАҚ туралы заң жобасы мақұлданды

08.11.2017

БАҚ туралы заң жобасы қоғамда қызу талқыланды. Жұмыс тобы өңірлерді аралап, мамандардың пікірін тыңдады. Айтылған ұсыныс-пікірлердің ешқайсысы назардан тыс қалған жоқ. Салмақтылары құжатқа енгізілген. «Заң жобасымен жауапты мамандар ғана емес, үкіметтік емес және халықаралық ұйым өкілдерінің де айналысқаны көрініп тұр», – дейді сарапшылар. 

Арманжан Байтасов, «Қазақстандық медиа альянс» қоғамдық ұйымы ұйымдастыру комитетінің төрағасы:

- Заң жобасы расымен де кең көлемде талқыланды. Оған өзім куә болдым. Депутаттар жұмысты жүйелі жүргізе білді. Олар отандық медиа саласының мамандарын, тіпті шетелдік сарапшылармен ашық диалогқа барып, пікірлерін ескерді. Қазір әлем ерекше қарқынмен жылдам өзгеруде. Тиісінше, әр елдің заңы да сондай талаптарға төтеп бере алатындай болуы керек. Мұны жауапты тұлғалар жоғарғы деңгейде ұйымдастыра алды деп ойлаймын.

 

Досымжан ЕРМҰРАТ

Хабарламаларға жазылу