Президент бүгін еліміздің Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбекті қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент бүгін еліміздің Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбекті қабылдады

16.10.2017

Кездесуде Нұрсұлтан Назарбаевқа мемлекеттік және салалық бағдарламалардың орындалуы баяндалды. Индустрияландыру бағдарламасы жүзеге асырылған жылдарда 5,2 триллион теңге болатын 1060 жоба іске қосылды. Соның арқасында 100 мыңнан астам жұмыс орны ашылды. Жобалар 8 триллион теңгенің өнімін берген. Бұдан бөлек, Елбасы «Нұрлы жер» бағдарламасының іске асырылу нәтижелеріне тоқталып, оның аясында 10 миллион шаршы метрден астам тұрғын үй салынғанын айтты.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Мынаның бәрін саған тапсырдық. Өте қажет. Үлкен сала. Барлығы бар. Қызметте болдың. Сондықтан, әр салада дұрыс істеу керек. Сенің жұмысың емес, әкімдердің жұмысы.

Президент Индустрияландыру жөніндегі мемлекеттік бағдарлама әлі де экономикамыздың әртараптығын қамтамасыз ете алмай отырғанын айтты. Осыған орай бірқатар тапсырмалар берді.

Жеңіс Қасымбек, ҚР Инвестициялар және даму министрі:

- Жалпы 9 айдың ішінде жақсы. Елбасы нақты тапсырмалар берді. Ипотека бойынша. Жергілікті жолдардың сапасын жақсарту.

Хабарламаларға жазылу