Елімізге Ресейден әкелінетін жұмыртқалар лабораториялық тексерістен өтпейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізге Ресейден әкелінетін жұмыртқалар лабораториялық тексерістен өтпейді

22.08.2014
Елімізге Ресейден әкелінетін жұмыртқалар лабораториялық тексерістен өтпейді

Контрабандалық жолмен келетін жұмыртқа көбейді. Сол себепті елімізде шығарылатын өнімді өткізу қиын болып тұр.

Ал,  бізде жылына 4 миллиардқа жуық жұмыртқа шығарылады. Нарықты шетелден келетін тауар басып кеткен.

Бұл туралы бүгін Құс өсірушілер одағының президенті Руслан Шәріпов мәлімдеді.

Оның айтуынша,  Ресей мен Беларусь Республикасынан тасымалданып жатқан жұмыртқалар ешқандай лабораториялық тексерістен өтпейді. 

Оның үстіне өнім 26 күн ішінде тұтынушыларға жеткізілуі керек. Ал,  бұл тауар шетелден жеткенше жарамдылық мерзімі өтіп кетуі мүмкін.

Мамандардың пайымдауынша, мемлекет қазынасы 2 миллиард теңге салықтан қағылады. 

Руслан Шәріпов, ҚР  Құс өсірушілер одағының президенті: 

Мерзімі  аз қалғанда, бізге төмен бағамен жібереді. Қазір 10-12 теңге болса, олар 5-6 теңгемен жібереді. Сонда олар базарларға арзан бағамен кіргізеді.  

 

Ләззат БЕКТАС

Хабарламаларға жазылу