Басты Жаңалықтар 2018 жылы Өзбекстанның Қазақстандағы жылы өтеді

2018 жылы Өзбекстанның Қазақстандағы жылы өтеді

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Ташкенттегі мемлекеттік сапары барысында қос ел президенттері осындай келісімге келді. Жалпы, көрші мемлекеттегі билік транзитінен соң елдің саяси-экономикалық, мәдени-гуманитарлық салалардағы тыныс-тіршілігі біршама өзгерді. Өзбекстанның жуырда жариялаған жаңа қаржы валюталық тәртібі мен ашықтық саясаты осының дәлелі. Бұл процестерді барынша тездету үшін Өзбекстан іргедегі елдермен әріптестікті арттыруға мүдделі. Бірінші кезекте Қазақстанмен қарым-қатынасты жаңа деңгейге шығару. Себебі, Қазақстан - өңірдегі экономикасы дамыған, транзиттік әлеуеті үлкен ел. Сондықтан да, Қазақстан мен Өзбекстан президенттері екі ел үкіметтеріне алыс-беріс, сауда–саттық көлемін 2020 жылға дейін 5 миллиард АҚШ долларына жеткізуді тапсырды.

 

Дулат АБИБУЛЛАЕВ

Бөлісу