Бүгін Астанада ШЫҰ-на Үндістан мен Пәкістан мүше ретінде қабылданды

09.06.2017

Бүгін Астанада Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысы өтті. Бұл отырысқа сарапшылар «тарихи» деген баға беріп жатыр. Өйткені, бұған дейін өңірлік деңгейде ықпалды ұйым саналған Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына енді әлемде өзіндік орны мен ықпалы бар тағы екі мемлекет - Үндістан мен Пәкістан мүше ретінде қабылданды. Сондай-ақ мемлекет басшылары 11 құжатқа қол қойып, Астана декларациясын қабылдады.

Астанадағы Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының саммиті – көптен күткен тарихи жиын. Өйткені, осыдан 16 жыл бұрын іргесі қаланған ұйымға мүше елдердің  қатары толығып, керегесі кеңейді. Бұл Шанхай бірлестігінің маңыздылығын арттырып, беделін асқақтатады. Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған ұйым бүгінгі үлкен мәртебеге ие. Мемлекет басшысы саммитке келген президенттерді жеке-жеке қарсы алды. Дәстүр бойынша естелік суретке түсті.

Хабарламаларға жазылу