Мәулен Әшімбаев: Үндістан мен Пәкістанның ШЫҰ-на қосылуын ұйымның беделін көрсететін нышан деп қабылдау керек (ВИДЕО)

10.06.2017

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Мәулен Әшімбаев, Экономикалық саясат институтының директоры  Қайырбек Арыстанбек, саясат ғылымдарының кандидаты Ғазиза Османқызы бүгін Ұлттық арнаның EXPO-2017 көрмесіне арналған тікелей шығарылымында қонақта болды.

Сұхбат барысында кешеден бері өтіп жатқан Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше елдер президенттерінің жиыны туралы сөз болды.

Алдымен сөз алған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Мәулен Әшімбаев:

«Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүшелікке екі мемлекет - Үндістан мен Пәкістан елдері енді. Үндістан бүгінде қарқынды дамып келе жатқан мемлекеттердің бірі. Халқының саны 1 миллиард 300 миллионға жетіп отыр. Пәкістан да ірі мемлекет. Халқының саны 200 миллион.  Екі елдің де экономикасы жаман емес, әрі екі елде де ядролық қару бар.Бұл елдердің ШЫҰ-на қосылуын ұйымның беделін, халықаралық деңгейдегі дәрежесін көрсететін нышан деп қабылдау керек. Жалпы, ШЫҰ жиыны аясында бірнеше бағыттарға басымдық беріліп отыр. Олар  қауіпсіздік мәселелері, оның ішінде терроризм мен экстремизмге қарсы күресті одан әрі жандандыру, экономикалық қарым-қатынастар бар. Сондықтан, осындай екі мемлекеттің ШЫҰ-на қосылуы бұл мемлекеттердің осы салалардағы ынтымақтастығын жаңа деңгейге көтереді деп сенеміз»,-дейді.

Сұхбаттың толық нұсқасы

Хабарламаларға жазылу