ШЫҰ саммитіне мүше елдердің  қатары толықты

11.06.2017

Пәкістан мен Үндістан осыдан 12 жыл бұрын Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына бақылаушы ел ретінде тіркелген. Оларды мүшелікке қабылдау үрдісі жылдарға созылды. Бұл мәселе ұйымға Қазақстан төрағалық еткенде оң шешімін тауып отыр. Демек, Астана саммиті ұйымның жаңа тарихына бастау болды.

Тұтастай алғанда жиында Қазақстанның Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының төрағасы ретінде атқарған жұмыстарына оң баға берілді. Мемлекет басшылары 11 құжатқа қол қойды. Астана декларациясы қабылданды. Кейін ұйымға мүше елдердің жетекшілері жаңа құрамда естелік суретке түсіп, келесі жылы Бейжіңде бас қостын болып тарқасты. 

Хабарламаларға жазылу