Астанада ШЫҰ мүше мемлекеттері Қорғаныс министрлерінің кеңесі өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада ШЫҰ мүше мемлекеттері Қорғаныс министрлерінің кеңесі өтті

08.06.2016
Астанада ШЫҰ мүше мемлекеттері Қорғаныс министрлерінің кеңесі өтті

Кеңеске ҚР Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов, Мемлекеттік кеңес мүшесі – ҚХР Қорғаныс министрі генерал-полковник Чан Ваньцюань, Қытай Республикасының қорғаныс істері жөніндегі Мемлекеттік комитетінің төрағасы генерал-майор Марат Кенжисариев, РФ Қорғаныс министрі армия генералы Сергей Шойгу, Тәжікстан Республикасының Қорғаныс министрі генерал-лейтенант Шерали Мирзо, Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Өзбекстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Бас штабының бастығы генерал-лейтенант Шавкат Норматов қатысты, деп хабарлайды ҚМ баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, кеңеске ШЫҰ Бас хатшысының орынбасары Сабыр Имандосов пен ШЫҰ Өңірлік лаңкестікке қарсы құрылымы Атқару комитеті директорының орынбасары Чжоу Цин қатысты.

Кездесу барысында қорғаныс ведомстволарының басшылары халықаралық және өңірлік қауіпсіздіктің өзекті мәселелері бойынша пікір алмасып, бұл салада ШЫҰ мемлекеттері арасындағы өзара түсіністіктің жоғары деңгейін атап өтті.

Халықаралық терроризм мен өңірлік экстремизмнің өршу қауіп-қатері жағдайында қорғаныс ведомстволарының басшылары Ұйымның кеңістігінде тұрақтылық пен қауіпсіздікті нығайтуда үйлестірілген бірлескен іс-қимылдың маңыздылығын ерекше атап өтуде.

Астанада ШЫҰ мүше мемлекеттері Қорғаныс министрлерінің кеңесі өтті

Осыған орай, қорғаныс ведомстволарының басшылары қауіпсіздікті қамтамасыз ету және ШЫҰ мүше мемлекеттерінің жанындағы шекаралардан әскери қауіп-қатерлерге қарсы іс-қимыл, сондай-ақ жедел ақпарат алмасу бойынша қорғаныс ведомстволарының ынтымақтастығын дамыту мәселелері жөнінде үйлестірілетін, консультативтік тетіктерді жетілдіруге уағдаласты.

Кеңеске қатысушылар бейбітшілікті, тұрақтылық пен қауіпсіздікті нығайту мәселелерін қарастырды. Халықаралық лаңкестікпен күресу және Сирия халқына, оның ішінде босатылған қалаларды минасыздандыруға көмек көрсету жөнінде Ресей Федерациясы Қарулы Күштерінің іс-қимылдарына жоғары баға берілді.

Олар өңірде ынтымақтастықты әрі қарай сәтті дамытуға сенімділік білдірді, ШЫҰ мүше мемлекеттері арасындағы сенімділік пен ашық диалогтың нығаюын растады. Оның ілгерілеуі ШЫҰ мүше мемлекеттері сыртқы саясатының орталық элементтерінің бірі болып табылады.      

Кеңесте ШЫҰ өзінің жобаларын іске асыра отырып және өзге де өңірлік және халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық жасай отырып, ШЫҰ мемлекеттерінің қауіпсіздігіне сүбелі үлес қосып жүргенін атап өтті.

Сондай-ақ, ШЫҰ мемлекеттерінің «жамандықтың үш күшімен»: лаңкестік, экстремизм, сеператизммен күресуде табандылығын паш ететін «Бейбіт миссия-2016» бірлескен әскери терроризмге қарсы командалық-штабтық оқу-жаттығуына дайындық барысы талқыланды.

Қорғаныс ведомстволарының басшылары ШЫҰ болашақ мүшелерін әскери ынтымақтастыққа жалғау Ұйымның мүше мемлекеттері арасындағы өзара сенімділікті нығайтудың маңызды бағыты болатынына сенімділік білдірді.

Шанхай рухын нығайту ісінде әскери оркестрлердің «Бейбітшілік кернейі-2016» фестивалінің жоғары рөлін атап өтті және оның жиі өткізілу практикасын жалғастыруды шешті. Сонымен қатар кеңесті дайындау жөнінде Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігімен жұмсалған күш-жігерді жоғары бағалап, қолайлы жағдай мен қонақжайлылықты құруға алғыс білдірді.

2017 жылы Қазақстан Республикасында ШЫҰ мүше мемлекеттері қорғаныс министрлерінің кезекті отырысын өткізу қажет деп шешім қабылданды.

Шанхай ынтымақтастық ұйымы мүше мемлекеттері Қорғаныс министрлерінің кеңес қорытындысы бойынша бірлескен коммюникеге қол қойылды.

Хабарламаларға жазылу