Астанада ШЫҰ мүше мемлекет басшыларының кеңесі өтті

09.06.2017

Жиын барысында Үндістан Республикасы мен Пәкістан Ислам Республикалары ұйымға қабылданды. Осылайша, 3 млрд-қа жуық халық Шанхай сегіздігіне мүше болды. Президенттер түрлі ұсыныс айтты. Әсіресе, Ауғанстан мәселесіне, Сирия шиленісіне алаңдаушылық білдірді. Осы ретте, мемлекет басшылары Нұрсұлтан Назарбаевқа, ресми астананың бейбітшілік орнатуда атқарып жатқан жұмыстары үшін алғыс айтты. Елбасы Шанхай Ынтымақсатық Ұйымы енді экономикалық байланыстарын арттыру қажеттігін алға тартты. Мүше елдер арасында тразиттік әлеуетті арттыру, аймақаралық интеграция құру, еркін сауда-саттық айналымына мүмкіндік беру, Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының университетін ашу, туризм саласын дамыту сияқты бастама көтерді. 

Хабарламаларға жазылу