Мәскеуде ТМД Қорғаныс министрлерінің кеңесі өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мәскеуде ТМД Қорғаныс министрлерінің кеңесі өтті

12.11.2014
Мәскеуде ТМД Қорғаныс министрлерінің кеңесі өтті

Тараптар отырыс кезінде достастық елдерінің 2020-жылға дейінгі әскери ынтымақтастық тұжырымдамасының жобасын талқылады.

Сонымен қатар, әуе шабуылына қарсы біріккен қорғаныс жүйесін нығайту мен ТМД қарулы күштерін инженерлік қамтамасыз ету мәселесі қаралды.

Мәскеудегі сапары барысында Иманғали Тасмағамбетов бірқатар шетелдік әріптестерімен екіжақты кездесулер өткізді.

Мәселен, Әзірбайжан қорғаныс министрі Закир Гасановпен өткен кездесуде, екі ел қорғаныс ведомстваларының әріптестігіне қатысты жайттар пысықталып, 2015 жылға арналған екіжақты ынтымақтастық жоспары бекіді.

 

Нұртас СОЛТАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу