ШЫҰ мүше мемлекеттердің санитарлық отырысы Қазақстанда өтуі мүмкін

24.07.2020
ШЫҰ мүше мемлекеттердің санитарлық отырысы Қазақстанда өтуі мүмкін

Шанхай Ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің санитарлық-эпидемиологиялық отырысы Нұр-Сұлтанда өтуі мүмкін.

«ШЫҰ-ның 2020 жылға арналған жоспарына сәйкес біз 2020 жылдың қазан айында Шанхай Ынтымақтастық ұйымына мүше-мемлекеттердің санитарлық-эпидемиологиялық отырысын Нұр-Сұлтанда өткізуге дайынбыз. Оған ШЫҰ-ға мүше мемекеттердің өкілдері мен ұйым жанындағы бақылаушыларды шақырамыз», - деді ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой ШЫҰ мүше мемлекеттердің денсаулық сақтау министрлерінің отырысында. 

Еске салсақ, видеоконференция арқылы байланыста Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің денсаулық сақтау министрлерінің отырысы өтті. Жиында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің денсаулық сақтау министрлерін КВИ жағдайын жаңаша санау әдісі бойынша Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсынысын қолдауға шақырды.

Хабарламаларға жазылу