«Нұр Отан» партиясы Шымкентте көшпелі семинар өткізуде

«Нұр Отан» Партиясы Орталық Аппаратының қызметкерлерінен құралған топ Оңтүстік Қазақстан облысында көшпелі семинар-кеңесті бастады. Бұл туралы партияның Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалының баспасөз қызметі хабарлады.
Партияның орталық аппараты қызметкерлерінен құралған топтың жетекшісі, «Нұр Отан» Партиясы Төрағасы Бірінші орынбасарының кеңесшісі Берік Құрманғали ел аумағында іске асып жатқан реформалар мен партия Доктринасында айқындалған басымдықтар бойынша атқарылып жатқан шараларға кеңінен тоқталып, жұмысты жүйелеуге қатысты нақты ұсыныстарын айтты.
Семинарды «Нұр Отан» ОҚОФ төрағасының бірінші орынбасары Берік Оспанов жүргізді. Партия жұмысының тиімділігін арттыру мақсатында арнайы қабылданған құжаттармен таныстыру, мемлекеттік, салалық, өңірлік бағдарламалардың іске асу барысын және бюджет қаржысын тиімді игеруді бақылау жайында сараптамалық хабарламалар жасалды.
Шымкент қаласында өтіп жатқан ауқымды шараға көршілес Қызылорда, Жамбыл облысындағы партия филиалдарының қызметкерлері мен белсенділері бейнеконференция арқылы қатысты.
Семинар арнайы секцияларда өз жұмысын жалғастырады.
Kaznews.kaztrk.kz

Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Алан туралы аңыз» анимациялық фильмі шықты
23.10.2026, 13:15
Отандық тамақ өнеркәсібінде оң серпін бар
23.10.2026, 13:12
Мұнай-газ саласында жаңа жұмыс орындары ашылады
23.10.2026, 13:10
Жастарды қолдау – мемлекеттік саясаттың басты бағыты
23.10.2026, 13:08
Бельгиядағы қазақстандық студенттер тың бастама ұсынды
23.10.2026, 13:05
Қыста елдорда тазалығына 1500 адам жұмылдырылады
23.10.2026, 13:02
Елде 280 мыңнан астам медицина қызметкері еңбек етеді
23.10.2026, 13:00
Елордада «Кітапхана түні – 2026» шарасы өтті
23.10.2026, 10:25