Басты Жаңалықтар Қазақстанға мемлекеттік сапармен Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин келеді

Қазақстанға мемлекеттік сапармен Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин келеді

Қазақстанға мемлекеттік сапармен Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин келеді

Ертең елімізге мемлекеттік сапармен Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин келеді. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен кездеседі. Мемлекет басшылары сауда-экономикалық қарым-қатынастарды сөз етеді, және екіжақты ынтымақтастықты нығайтудың жолдарын қарастырады. Сонымен қатар өңірлік  және жаһандық қауіпсіздік мәселерін талқылайды. Екі ел стратегиялық әріптестер. Арада 7 мың шақырым қашықтыққа созылған шекара бар. Қос елдің экономикалық ынтымақтастығын тереңдетіп отырған негізгі фактордың бірі де осы.     

Қазақстан мен Ресей арасындағы дипломатиялық қатынас 1992 жылдың 21 қазанында орнады. Содан бері қоңсылас елдер өзара ықпалдасып, күн кешу керек екеніне сенді, өзгені де сендірді. Кедендік Одақ құрды, былтыр тең дәрежелі Еуразиялық экономикалық одақтың мүшелері атанды. Бұл бастамалар береке берді. 23 жыл ішінде екі елдің алыс-берісі, барыс-келісі үдеді. 2013 жылы екі ел арасындағы сауда айналым 23 492,1 миллион долларға жетті, Бұл Қазақстанның сыртқы саудасының бестен бірі, 2012 жылмен салыстырғанда 1,7 пайызға өсті.  Ал 2011 жылы екеуара тауарайналым  22 330 миллиард доллар болған.

Әлбетте, жаһандық дағдарыс бізді айналып өтпейді. Қазір әлем үшін күрделі кезең. Дағдарыс Қазақстан мен Ресейдің сауда-саттығына да әсер етті. Былтыр, тауарайналым сәл төмендеді. 19 миллиард долларға жуықтады. Бірақ, бұл дүниежүзілік экономика тұрақсыз кезде, саяси ауа райы сан құбылғанда  қалыпты құбылыс.

Жанарыс Райымбеков – Экономика ғылымдарының докторы, профессор:

Ресей – Қазақстанның басты сауда серігі. Әлбетте, ұсақ саудадан келіп-кетер табыс елеусіз, сондықтан Қазақстанның үлкен елдермен ынмымақтастыққа ынта танытуының мұраты анық. Қазір  интеграциясының жаңа белесі. Алдағы уақытта екі ел кәсіпорындары бірігіп, нарықта өндірістік алыптарды қалыптастыруды көздейді. Сол арқылы басқа елдердің нарығын жауламақ. 

Зият Қожахметов –  Экономика ғылымдарының кандидаты:  

Әлбетте ықпалдастықта ымыраласу оңай емес. Экономикалық һәм саяси, мәдени салаларда қатынас беки береді. Айтпақшы, 16-қазан күні Бурабайда Қазақстанның төрағалығымен ТМД Мемлекет басшыларының кеңесі өтеді. Халықаралық жиын екі елдің байланысын ширатуға оң әсерін тигізері күмәнсіз.

Әсем Изатқызы

Бөлісу