Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі Серік Ахметов Бейжіңде қытайлық әріптесі Чан Ваньцюанмен кездесті.
Екі жақты кездесу барысында тараптар өзара әскери және әскери-техникалық ынтымақтастық, әскери білім алу, сонымен қатар қарулы күштердің бірлесіп оқу-жаттығу шараларын өткізу жайын сөз етті.
Серік Ахметов Қытай тарапына ағымдағы жылдың мамыр айында өткен «KADEX-2014» халықаралық көрмесіне белсенді қатысқаны үшін алғыс білдірді.
Чан Ваньцюан Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы мен Азиядағы Өзара Ықпалдастық және Сенім Шаралары жөніндегі Кеңесі төңірегіндегі ықпалдастық жөнінде айта келе, Қазақстан Респубилкасының Қарулы Күштеріне осы жылы «Чучжихэ» полигонында өткен «Бейбіт миссия-2014» оқу-жаттығу шараларына белсенді қатысқаны үшін алғыс білдірді.
Дәурен БАУЫРЖАНҰЛЫ