Таиланд Корольдігі мемлекеттік қызметтің қазақстандық үлгісіне қызығушылық танытып отыр. Бүгін Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Әлихан Бәйменов таиландтық әріптесі, осы елдің Мемлекеттік қызмет жөніндегі комиссия кеңсесі бас хатшысының орынбасары Висоот Праситсирвонгсемен кездесті.
Таиланд тарапы Қазақстандағы мемлекеттік қызмет саласындағы реформалармен танысып, тәжірибе аламасатын тұстары көп екенін жеткізді. Сондай-ақ, Мемлекеттік қызмет істері агенттігі мен Таиландтың аталмыш комиссиясы арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.
Оның аясында ендігіде екі ел мемлекеттік қызметшілеріне кәсіби білім беру және тағылымдамалық бағдарлама әзірлеу жұмыстары қаралған. Сондай-ақ, тараптар осы саладағы ортақ шараларға да қатысатын болады.
Әлихан Бәйменов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы:
Астанадағы мемлекеттік қызмет саласындағы аймақтық ХАб-тың жұмысына ерекше қызығушылық танытып отыр. Бұл кісілер сол ХАб-қа қатысушы ретінде өзінің өтінішін берді. Сондықтан, Таиландты есептегенде, аймақтық ХАб-тың жұмысына 29 мемлекет қатысатын болады.
Дулат АБИБУЛЛАЕВ