Басты Жаңалықтар Экологиялық мәселелерді ЖИ көмегімен шешуді ұсынылды

Экологиялық мәселелерді ЖИ көмегімен шешуді ұсынылды

Петропавл қаласының жастары экологиялық мәселелерді жасанды интеллект көмегімен шешуді ұсынды. 

«Таза Қазақстан» жалпыұлттық бағдарламасы аясында экологиялық хакатон ұйымдастырылды. Оған студенттер мен еріктілер қатысып, Солтүстік Қазақстан облысындағы экологиялық өзекті мәселелерді талқылады. Сонымен қатар жасанды интеллект мүмкіндіктерін пайдалана отырып, қоршаған ортаны қорғауға бағытталған идеяларымен бөлісті. Әр команда өз жұмысын таныстырып, ұсынылған әдістің тиімділігін тәжірибеде жүзеге асыру мүмкіндіктерін түсіндірді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай шаралар жастардың ақпарат іздеу, деректерді талдау, шығармашылық және командалық жұмыс дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді.

Анастасия Волкова, жастар ресурстық орталығының жетекшісі:

Біздің мақасытмыз – жастарға экологияны сақтау тек күнделікті әдеттен ғана емес, жаңа идеялардан басталатынын жеткізу. Бүгінгі күні ЖИ жаңа мүмкіндіктерге жол ашып отыр. Оны тиімді пайдалануға міндеттіміз. Ұсынылған жобалардың арасынан ең мықтыларын таңдап алып, жүзеге асыру маңызды.

Бөлісу