Алматы декларациясына 35 жыл
Алматы декларациясына 35 жыл. Осыған орай қалада халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Жиынға ТМД-ға мүше мемлекеттердің мемлекеттік органдарының, ғылыми-сараптамалық ұйымдар мен жоғары оқу орындарының өкілдері, сондай-ақ қоғам қайраткерлері қатысты. Бас қосу барысында мемлекетаралық ынтымақтастықтың нәтижелері мен алдағы даму бағыттарын талқылады. 1991 жылы 21 желтоқсанда Алматыда қабылданған декларация тәуелсіз мемлекеттердің егемендігін құрметтеу, шекаралардың мызғымастығы және бейбіт диалог қағидаттарын бекіткен болатын. Бүгінде бұл құжат ТМД елдері арасындағы барлық бағытта ынтымақтастықты арттырып келеді. Мәселен, бүгінде өзара бас-аяғы 560-тан астам халықаралық келісім жасалған. Ал экономикалық жағынан еркін сауда аймағы құрылып, мүше мемлекеттер арасындағы өзара сауда көлемі 2022- 2025 жылдары 18 пайызға артқан. Ал инвестиция көлемі 48 миллиард доллардан асып, соңғы бес жылда шамамен 25 пайызға өскен.
Жандос Шаймарданов, ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ директоры:
Бүгін, арада 35 жыл өткен соң, біз ТМД елдерінен келген жетекші сарапшылармен декларация қабылданған «Достық» үйінде бас қосып отырмыз. Мақсатымыз – өткен кезеңнің қорытындысын шығарып қана қоймай, осы ірі ұйымның алдағы даму бағыттарын айқындау. Мәдениеттен бастап, экономикалық өзара байланыс, көлік-логистика кешеніне қатысты талқылаймыз. Әсіресе цифрландыру мәселелерін қаузау өте өзекті. Өйткені экономиканың барлық саласын қамтитын маңызды бағытқа айналып отыр.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы