Шетелдік инвесторлар кеңесінің отырысы өтеді

Елдің екінші индустриялды-инновациялық 5 жылдық бағдарламасын жүзеге асырудағы инвесторлардың рөлі және инвестициялық саясаттың жүзеге асу барысы. Бұл мәселелер бүгін Президент жанындағы шетелдік инвесторлар кеңесінің кезекті отырысында сөз болмақ. Президент қатысатын келелі кеңестің 27-ші отырысы Бурабай демалыс аймағында өтеді. Оған елімізде қызмет ететін трансұлттық компаниялар мен халықаралық ірі қаржы институттарының өкілдері қатысады. Айта кету керек, күні кеше елдегі инвестициялық ахуалды жақсартуға бағытталған Заңға қол қойылды. Бүгін жиналғандар инвестициялық климатты жақсартудың басқа да жолдарын кеңінен сөз қылады.
Қазір Бурабай кентінен әріптесім Дулат Абибуллаев тікелей байланысқа шығуға дайын тұр. Дулат, жалпы бүгінгі жиынға дайындық барысы туралы айтып өтсең.
Дулат Абибуллаев, тілші:
Қайырлы таң, Қазақ елі! Қайырлы таң, Айзада! Бурабайдан сөйлеп тұрмыз. 27 жиынның басты ерекшелігі. Кеңес Бурабай демалыс аймағында өтуде. Жалпы Президент жанындағы шетелдік инвесторлар кеңесі Президент жарлығымен 1998 жылы құрылған болатын. Бүгінге дейін 26 жиын өтті. Бүгін 27-ші рет өтіп жатыр. Кеңесте елдегі инвестициялық ахуалды жақсарту және Үкімет пен шетелдік ірі бизнес өкілдері арасындағы әріптестік тұрақты талқыланып отырады.
Аз ғана ақпарат келтіре кеткім келіп тұр. 1993 жылдан бері ел экономикасына 160 миллиард АҚШ долларынан астам тікелей шетел инвестициясы тартылды. 8 мыңға жуық кәсіпорын шетелдік капиталдың көмегімен жұмыс істеп тұр. Дүниежүзілік Банк пен Халықаралық қаржы корпорациясы жүргізетін «Doing Business», яғни Бизнес жүргізу зерттеуіне сәйкес, биыл Қазақстан 50-орынды алды. Оның ішінде «Инвесторларды қорғау» көрсеткіші бойынша – 18 орын, «Кәсіпорындарды тіркеу» тәртібі бойынша – 30 орынды иеленді.
Дулат Абибуллаев, тілші:
Байқағанымыздай жетістік жаман емес. Дегенмен, келесі жылдан бастап,Еуразиялық экономикалық одақ жұмыс істейді, индустриялды-инновациялық бағдарламаның екінші бесжылдығыда басталғалы тұр. Бұл дегеніміз үлкен меже, үлкен бәсекелестік. Келелі кеңесте осы мақсаттарға жетудегі инвесторлардың рөлі, олардың ортақ мәселелері ортаға түседі. Кеңестің алдын ала бағдарламасы бойынша жиын сағат 11-де басталады. Жиындағы басты баяндамалардың бірін Вице-премьер, Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев жасайды. Сондай-ақ, осы жиын аясында ірі өндіріс ошақтарының бірін тікелей эфирде телекөпір арқылы тұсауын кесу салтанаты да өтеді, деп жоспарланған. Бірақ ол туралы сәл кейінірек. Айзада, менде бар ақпарат осы.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Заңсыз ақша шығару ісімен айналысқандар жауапқа тартылады
15.09.2025, 20:48

Биыл 140 мың оқушы «Келешек мектептерінде» білім алып жатыр
15.09.2025, 20:03
Жамбыл облысында оқушы қатарластарының қолынан қаза болды
15.09.2025, 19:55
Елордада Жолдаудың негізгі тұстары сараланды
15.09.2025, 19:52
Президент Жолдауын жүзеге асыру жөніндегі жоспар қабылданды
15.09.2025, 19:50
Алдағы 3 жылда мың мектепте тіс емдеу кабинеті ашылады
15.09.2025, 19:46
Бүгіннен бастап 25 мың жұмыскердің жұмыс кестесі өзгерді
15.09.2025, 19:45
Елімізде коммуналдық желілер жаңғыртылмақ
15.09.2025, 19:42