Мәскеуде ТМД әскерилері бас қосты

17.04.2014
Мәскеуде ТМД әскерилері бас қосты
Мәскеуде Тәуелсіз мемлекеттер достастығына мүше мемлекеттердің әскерилері бас қосты. Ресей астанасында әрбір елдің қорғаныс министрліктерінің, жеке құраммен жұмыс жөніндегі орган басшылары комитетінің отырысы өтті.
 
Басқосуда Қазақстан, Ресей, Тәжікстан, Қырғыз Республикасы, Армения және Түркіменстанның әскерилері, өткен жылы бірлесіп атқарған істерінің қорытындысын шығарды. Мәселен, тараптар былтыр бірлесіп, «ТМД сарбазы», «Танк биатлоны» сынды бірқатар байқаулар өткізген.
 
Ең бастысы осындай шаралар кезінде әрбір елдің өкілдері бір-бірімен тәжірибе алмасып, деңгейлерін арттырады. Жиында сонымен қатар, Жеңістің 70 жылдығына дайындық барысы талқыланып, комитеттің жаңа жетекшісі сайланды.
 
Мұхамеджан Таласов, ҚР Қарулы күштері бас штабы бастығының орынбасары:
Жеке құрамды писхологиялық тұрғыда дайындау, таңдау ісінде Қазақстанның да мол тәжірибесі бар. Біз кездесу кезінде өзімізде барды көрсетіп, өзге елдердің керекті тұсын алдық. Жалпы мұндай кездесулердің барлық тарапқа тиімді тұсы көп. Бүгінгі басқосуда, біз сонымен қатар комитеттің жаңа төрағасы етіп, Ресей елінің өкілін сайладық. 
 
 
Нұртас СОЛТАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу