ТМД елдері Қорғаныс министрлері бас қосты

26.05.2017

ТМД-ға мүше мемлекеттердің Қорғаныс министрлері Кеңесінің құрылғанына 25 жыл толды. Бүгін Мәскеу қаласында осы мерейтойға арналған салтанатты шара өтті. Оған қазақ делегациясын еліміздің Қорғаныс министрі Сәкен Жасұзақов бастап барды. Жиында Достастық елдерінің өкілдері арнайы мүсін тастың ашылу рәсіміне қатысып, ағаш отырғызды. Содан соң тараптар Кеңестің отырысын өткізіп, түрлі мәселелерді талқыға салды. Жиында ширек ғасыр бойы атқарылған істер қорытындыланып, алдағы уақытта да әскери саладағы ынтымақтастықты арттыра беру керектігі айтылды.

Мәселен, шамамен 2 айдан соң ТМД елдері Қарулы күштердің бірлескен жаттығуын өткізуге келісті. Олардың бірі Қазақстандағы Сары-Шаған полигонында өтеді. Отырыста лаңкестікпен күрес мәселесінде де күш біріктіру жайы пысықталды. Кеңестің соңында Қорғаныс министрлері осы және өзге де мәселелерді арнайы құжат түрінде бекітті.

Нұртас СОЛТАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу