Мәскеуде ЕАЭО Ауыл шаруашылығы министрлері бас қосты

09.10.2017

Еуразиялық экономикалық одақ елдері ауыл шаруашылығы саласы бойынша интеграцияны тереңдетуі қажет. Осы мәселені талқылау үшін Қазақстан, Ресей, Беларусь, Армения және Қырғыз Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлері Мәскеуде бас қосты. Мұндай форматта алғаш рет өткен бұл жиынға қазақ делегациясын Премьер-министрдің орынбасары – еліміздің Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов бастап барды. Басқосуда тараптар Ауыл шаруашылығы министрлерінің Кеңесін құруға келісті. Сонымен қатар, министрлер Еуразиялық одақтың агроөнеркәсіп саясатын жүргізу, агроөнеркәсіп кешенін дамытудың 2021 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы, экспортты дамыту және ветеринарлық-санитарлық бақылау мәселелері бойынша пікір алмасты.

 

Нұртас СОЛТАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу