Ұлттық ұлан әскери институтына - 20 жыл - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттық ұлан әскери институтына - 20 жыл

28.03.2017

Теріскейдегі Ұлттық Ұлан әскери институының 20 жылдығына орай, Петропавл қаласында Қазақстан, Ресей, Беларусь және Түркия елдерінің әскерилері бас қосты.

Конференцияға қатысқан 250-ге жуық азамат «Қазақстанның әскери қауіпсіздігі және оны қазіргі заманда қамтамасыз етудің аспектілері» тақырыбында мақала мен ғылыми зерттеу еңбектерін ұсынған.

Алдағы уақытта олардың барлығы қаралып, арнайы жинақ болып басылады және әскери қауіпсіздікті жақсартуға септігін тигізбек.

Самат САПАРАЛЫ

Хабарламаларға жазылу