Ұлттық ұлан сарбаздары марапатталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттық ұлан сарбаздары марапатталды

21.08.2019

Елорданы патрульдеу барысында олар адам өмірін құтқарып, қауіпті қылмыскерлерді ұстауға көмектескен. Сарбаздар күдіктенген азаматтардың бірінен тапанша да тәркіленген.

Енді бір патрульдеу тобы Есіл өзеніне батып бара жатқан баланы құтқарып қалған. Ойланбастан суға секіріп, бүлдіршінді жағаға алып шыққан сарбазға 10 күндік демалыс та берілді. Әскери міндетін абыроймен атқарып жүрген сарбаздардың барлығы төсбелгімен, Алғыс хатпен марапатталды.

Нұр Елемесов, қатардағы жауынгер:

Бала балық көремін деп суға барған. Қарап тұрған кезде тайып, суға түсіп кеткен. Алғашқы көмекті көрсеттік. Есін жиғаннан кейін үйіне хабарласып, баланы үйіне жеткіздік.

Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу