Ұлттық ұлан Қаңтар оқиғасында қаза тапқан қатардағы қос жауынгерді еске алды
Петропавлдағы Ұлттық ұлан академиясының сарбаздары қаңтар оқиғасында қаза тапқан қатардағы қос жауынгер Мадияр Қайсаров пен Айбат Амановты еске алды.
«Мәңгілік сапта» акциясына қатысушылар қос батырдың рухына тағзым етті. Қатардағы жауынгер Мадияр Қайсаров Қызылорда қаласындағы 55/74 әскери бөлімінде, ал Айбат Аманов Талдықорғандағы Ұлттық ұланның 55/14 әскери бөлімінде қызмет еткен. Жігіттер қайтыс болғаннан кейін ІІІ дәрежелі «Айбын» орденімен және «Ұлттық ұлан қызметінің үздігі» төсбелгісімен марапатталды.
Ғалымжан Кибаев, 66/37 әскери бөлімінің командирі:
Жас сарбаздар ел тыныштығы үшін өз өмірін қиды. Мадияр Қайсаров 5 қаңтар күні жедел бөлім құрамында қызмет етті. Ауыр жарақат салдарынан қайтыс болды. Дәл сол күні Айбат Аманов та ерлікпен қаза тапты. Бірі 2002, екіншісі 2003 жылы дүниеге келген еді. Олар әскери антына адал болды.
Эльмира Кәленова
Автор
Эльмира Кәленова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Дауыл салдары: Көлік шығынын кім өтейді?
17.06.2026, 20:18
Орманды өрттен сақтау– ортақ міндет
17.06.2026, 20:16
«Балаларды қауіптен сақтаңыз!» акциясы басталды
17.06.2026, 20:16
Елімізде судағы қауіпсіздік шаралары күшейтілді
17.06.2026, 20:14
АҚШ пен Иран атысты тоқтату туралы келісімге ресми түрде қол қояды
17.06.2026, 20:13
Әлем жаңалықтарына шолу
17.06.2026, 20:12
Мемлекеттік грантты өтемегендерге қатысты 247 іс сотта қаралып жатыр
17.06.2026, 20:12
Өңірде ауыл шаруашылығы өнімін өңдейтін бірнеше өндіріс орны бар
17.06.2026, 20:10