Ұлттық ұлан қызметкерлері марапатталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттық ұлан қызметкерлері марапатталды

06.05.2014
Ұлттық ұлан қызметкерлері марапатталды
Мерекелік марапаттар бүгін Ұлттық ұланның ұжымында да жалғасын тапты. Қамаудан қашпақ болған қылмыскердің жолын кескен сарбаз Жандос Баянбаевты Елбасы қабылдаса, оқиға кезінде оның қасында болған ефрейтор Нұрасыл Мүбараковқа Ұлттық ұланның Бас қолбасшылығы құрмет көрсетті.
 
20 жасар сарбаз енді Петропавл қаласындағы әскери институтта білім алатын болды. Салтанатты шарада антқа адалдық танытқан, ерлігімен танылған өзге де әскерилер арнайы марапатқа ие болды.
 
Нұрасыл Мүбараков, №7552 әскери бөлімі 3-атқыштар ротасының қызметкері:
Әскери өмірде қандай қиындық болса да мен дайынмын. Әскерге келгеніме өкінбеймін. Өйткені, ол әрбір адамның Отан алдындағы борышы.
 
Шынар АСАНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу