Бекіре тұқымдас балықтар айдынға жіберілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бекіре тұқымдас балықтар айдынға жіберілді

25.07.2019

Жайық-Каспий бассейніне 7 млн-нан астам шоқыр шабағы жіберілді. Бұл брендке айналған бекірені көбейтуге мүмкіндік береді. Жыл сайын мемлекеттік тапсырысты толығымен орындайтын мамандар өткен жылы да табысқа кенелді.

Былтыр 7 млн-ға жуық шабақ су айдынына жіберілді. Қолдан ұрықтандыру арқылы уылдырықтан шабақ шығару әдісі облыста жыл өткен сайын сәтті жүзеге асуда. Шабақтардың салмағы талапқа сай. Әрқайсысы 7-16 грамм шамасында. Құс пен жыртқыш балыққа жем болмай, тіршілік етуін жалғастырса, шоқырдың салмағы 20 келіге дейін барады.

Мәншүк Темешева, облыстық Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы бөлімінің басшысы:

Бұл шабақтардың жақсы өсірілгенін көрсетеді. Қоректенуі дұрыс болған. Салмақтарының үлкен болуы, қоршаған ортаға жіберілгенде тез бейімделіп, өсіп-өніп кетуіне қолайлы жағдай жасайды.

Жандос ТЕМІРҒАЛИ

Хабарламаларға жазылу