Миллионнан астам шабақ Жайық өзеніне жіберілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Миллионнан астам шабақ Жайық өзеніне жіберілді

17.07.2014
Миллионнан астам шабақ Жайық өзеніне жіберілді

Атыраудағы бекіре балықтарын өсіретін зауыт Жайық өзеніне 1 миллион 400 мың шабақ жіберді. Олар өзен арқылы теңізге кетеді. Бұлардың жартысы қызыл балықтың, ал қалғаны шоқырдың шабақтары. Жоспар бойынша олар алдағы 3-4 жылда уылдырық шашатын болады.

Бұларды жасанды жолмен уылдырықтан шабаққа айналдыру үшін 2 айға жуық уақыт кетті. Айта кетерлігі, жалпы 1998 жылдан бері теңізге 100 миллионнан астам балық  шабақтары жіберілген.

Азамат Абиғалиев, ихтиологиялық мониторинг және балық аулауды реттеу бөлімінің басшысы:

Былтырғыға қарағанда, биыл үлкен 12-21 грамнан өсіріп, жіберіп жатырмыз. Оның бірден-бір себебі, алдағы уақытта бекіре тұқымдас балықтар ешкімге жем болмай, еркін өсіп жетіледі.

Рашид Қалидуллин, Атырау бекіре балық өсіру зауытының директоры:

Биыл браконьерлік өткен жылдарға қарағанда азайды. Сондықтан, биылғы балықтардың өсуі, осы зауытқа келуі - «Бекіре – 2014» шарасының өте жақсы жағдайда өткендігі.

Батырбек ҚУАНДЫҚҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу