Бүгін «Жүз жылдық жылнама» 5 томдық жинағы таныстырылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін «Жүз жылдық жылнама» 5 томдық жинағы таныстырылды

11.06.2019

Кітапта 1919 жылдан 1970 жылдар аралығында «Ұшқын» газетінен бастап «Социалистік Қазақстан» басылымына жарық көрген материалдар топтастырылған.

Еліміздің 100 жылдық жылнамасынан хабар беретін жинақта Алаш қайраткерлері мен сол дәуірдің ақиқатын айтқан мақалалар толық қамтылған. Осы жылдары газет басшылары мен қызметкерлерінің көбі репрессияға ұшыраған.

Айта өтейік, іс-шара «Егемен Қазақстан» газетінің 100 жылдық мерейтойы аясында өткізіліп отыр. Ғасырлық межесіне жеткен республикалық басылым алғаш рет өз оқырманының қолына «Ұшқын» деген атпен жетті. Кейін бірнеше мәрте атын өзгерткен газеттің қазіргі атауы латын қарпінде жазылады.

Дархан Қыдырәлі, «Егемен Қазақстан» республикалық газеті АҚ басқармасының төрағасы:

Мына архив тігінділерінде қалған газет нұсқаларын жинастыра отырып, оның ішінде ең өткір, ең өзекті деген сол заманның шындығын, сол дәуірдің айнасы болатын мақалаларды топтастырдық. Қолыңызға тигенде көресіздер, оның ішінде өткір көрсетілген мәселелер де, айыптаулар да бар.

Армангүл ТОҚТАМҰРАТ

Хабарламаларға жазылу