Алматыда Жамбыл туралы жинақтар жарыққа шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда Жамбыл туралы жинақтар жарыққа шықты

23.12.2021

Алматыда 10 томдық «Жамбыл Жабаев» және 30 томдық «Жамбыл әлемі» жинағы таныстырылды. Авторы - жазушы, жамбылтанушы, Халықаралық Жамбыл сыйлығының лауреаты, қоғам қайраткері Нағашыбек Қапалбекұлы. 1950 жылы Алматы облысы Жамбыл ауданындағы Қызыләскер ауылында дүниеге келген қаламгер 50-ге жуық кітап пен көптеген ғылыми еңбек жазып, бірнеше жинақ құрастырған. Жазушының бұл жолғы көлемді еңбектері жыр алыбы - Жамбылдың 175 жылдық мерейтойына арналып отыр. «Туындылар өскелең ұрпақ үшін ұлағаты мол қазына болмақ»,- дейді жиынға қатысушылар.

Темірхан Тебегенов, әдебиеттанушы ғалым, профессор:

Ғылыми зерттеушілер Нағашыбек Қапалбекұлының прозасын да, ғылыми еңбектерін де, қоғамдық-әлеуметтік қызметтерін де арнайы зерттеу нысандарына алып, шәкірттеріміздің игеруіне, меңгеруіне жол ашып жатырмыз. Ол жұмыс жалғаса келе, осындай көрнекті тұлғалардың, мұрасын келер ұрпаққа ұластыру тағы да осындай қаламгерлердің шығуына ықпал етеміз деп ойлаймыз.


Хабарламаларға жазылу