«Өзекжарды» хабарында Сейіт Қасқабасов қонақта - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Өзекжарды» хабарында Сейіт Қасқабасов қонақта

29.05.2015
«Өзекжарды» хабарында  Сейіт Қасқабасов қонақта

Академик Сейіт Қасқабасовты бүкіл ғылыми жұртшылық құрмет тұтады, ғалым есімі əлемдік фольклортану қауымына да кеңінен белгілі. Оның еңбектерін тек əдебиет мамандары арасында ғана емес, əдебиетті ерекше қастерлейтін, оның тарихын, жетістіктері мен даму үдерістерін тереңірек білуге құштарланған адамдар да іздеп жүріп оқиды.

Сейіт Қасқабасовтың тікелей бастамасымен және басшылығымен «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасымен тұңғыш рет «Бабалар сөзі» сериясы бойынша қазақ фольклорының барлық жанрларын түгел қамтыған 100 томдық басылымын шығару қолға алынды. Сондай-ақ, 5 томдық «Қазақ музыкасының антологиясы» жинағы да алғаш рет жарыққа шықты.

Ғылыми-зерттеу еңбектері қазақ фольклорының теориясы мен тарихына, әдебиет пен өнер мәселелеріне, этнография мен ауыз әдебиеті мұраларының текстологиясына арналған ғалым бүгін 17:50-де «Өзекжарды» хабарында мемлекеттік тіл, халық ауыз әдебиеті турасында әңгіме өрбітпек.

Хабарламаларға жазылу