Алматыда Ахмет Байтұрсынұлының ескерткіші орнатылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда Ахмет Байтұрсынұлының ескерткіші орнатылады

13.07.2022

Алматыда ағартушы, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының ескерткіші орнатылады. Сонымен қатар, ғалымның 12 томдық толық шығармалар жинағы басылымға дайындалып жатыр. Бұл туралы Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалығымен өткен, қайраткердің 150 жылдық мерейтойын дайындау және өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында айтылды. Жалпы жыл басынан бері бірқатар маңызды ғылыми-зерттеу, ағартушылық, мәдени-бұқаралық іс-шара өтті. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасады. ЮНЕСКО-ның штаб-пәтерінде және ТҮРКСОЙ аясында іс-шаралар өткізу көзделген. ТҮРКСОЙ ұйымы жыл сайын көрнекті түркітанушы ғалымдарға берілетін Ахмет Байтұрсынұлы атындағы төсбелгі тағайындау туралы шешім қабылдады. Ерлан Қарин жоспарланған жұмыстардың сапалы өткізілуін қамтамасыз етуді тапсырды.

Дарын Сағитов

Хабарламаларға жазылу