Елбасы  Б. Сапарбаевты қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елбасы  Б. Сапарбаевты қабылдады

21.05.2019

Бүгін  Нұрсұлтан Назарбаев  Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаевты қабылдады.

Елбасыға «Әлеуметтік қамқорлық» үкіметтік жұмыс тобының ақпараты баяндалды. Нұрсұлтан Назарбаев министрлік алдына қойылған міндеттерді жүзеге асыруға Бердібек Сапарбаевтың тәжірибесі мен басқарушылық қабілеті жететінін атап өтіп, ел игілігі үшін барлық басталған жұмыстарды аяғына дейін жеткізу керектігін айтты.  Министр Елбасыға халықты әлеуметтік қолдау шаралары мен жаңа жұмыс орындарын ашу шаралары  туралы  ақпарат берді.

Бердібек Сапарбаев, сондай-ақ, өңірлердегі баспана мәселесі мен  оралмандарды қолдау және бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясындағы жұмыстар туралы хабардар етті.

Елбасы бұл жұмыстардың маңызды екенін және  осы тиімді жүзеге асыру керектігін айтты.

Дулат АБИБУЛЛАЕВ

Хабарламаларға жазылу