Президент Бердібек Сапарбаевты қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент Бердібек Сапарбаевты қабылдады

30.05.2022

Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекет және қоғам қайраткері Бердібек Сапарбаевты қабылдады.

Бұрыңғы өңір басшысы өзі қызмет атқарған Жамбыл облысында орындалып жатқан Президент тапсырмаларының нәтижелерін кеңінен баяндады. Атап айтқанда, азаматтардың тұрмыс сапасын арттыруға, қоғамның ынтымағы мен бірлігін нығайтуға бағытталған «Асар», «Туған жерге тағзым», «Жомарт түлек» және «Бейбітшілік пен келісім» атты жобалар жайлы айтылды. Кездесу барысында жастар арасындағы жұмыссыздықты шешу мәселесі де талқыланды.

Раушан Сайлауқызы

Хабарламаларға жазылу